Көкөніс сатып алмақ болған екібастұздық 4 млн теңгесінен айырылды
Көкөніс сатып алмақ болған екібастұздық 4 миллион теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының полициясына Екібастұз қаласының 31 жастағы тұрғыны жүгінді, ол алаяқтардың кезекті құрбаны болды.
– Танымал сайттардың бірінде ер адам картоптың ірі партиясын сатамын деген хабарландыруды көрген. Оған көлемі мен бағасы ұнағандықтан, ол көкөністерді қолайлы бағамен сатып алғысы келіп, сатушымен байланысқа шыққан. «Сатушының» өзі қарым-қатынасқа ынталы болды, тұрғынға алдын ала төлем ретінде және жеткізгені үшін 4 млн. теңге аударуға көндірді. Ер адам осы шарттарға келісіп, оның картасына ақшаны аударып, күтті, бірақ белгіленген күні картоп жеткізілмеді, ал «сатушы» байланысын үзді. Оқиға фактісі бойынша полицияда ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Бүгінгі таңда алаяқтың қармағына тағы үш адам түскені белгілі болды.