Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 300-ден астам алаяқтық дерегі тіркелді

Түркістан облысында 300-ден астам алаяқтық тіркеліп, оның 144-і сотқа өткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Instagram және Facebook әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы «Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында брифинг өтті. Шараға Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Мақсат Қалыбайұлы спикер ретінде арнайы шақыртылды. Брифинг барысында қазіргі таңдағы өзекті мәселе алаяқтықтан сақтану, алдын алу, болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

– Түркістан облысында 2021 жылдың 10 айында алаяқтық қылмысының 334 дерегі тіркелді. Оның 144-і ісі сотқа жолданды. Осы тұста облыс тұрғындарына ескертеміз. Алаяқтардың арбауына түспеңіздер, өздеріңізге қатысты құпия сандарды ешкімге бермеңіздер. Жеке куәлік, банктік кәртішкеңіздің де нөмірлері тек өзіңізге ғана белгілі болсын! Әлеуметтік желідегі жарнамалар мен телефоныңызға келетін кез келген сілтемеге кірмеңіздер. Көлік ұттың, пәтер ұттың деген қауесеттерге сенбеңіздер!, – деп атап өтті М.Қалыбайұлы.

Сондай-ақ, брифинг барысында Түркістан облысындағы интернет-алаяқтықтың ахуалы мен оның кең таралған түрлері туралы айтылды. Одан бөлек, желі қолданушылары да жазбаша түрде өз сауалдарын жолдап, көкейтесті сұрақтарына жауап алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру