Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай аудандық пробация қызметкерлері жергілікті полициямен бірлесіп жұмыс жүргізді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Абай аудандық пробация қызметі және Абай ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесімен бірлесе, “Шартты түрде сотталған” атты республикалық профилактикалық іс-шараларын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 2020 жылдың маусым айының 15-25 аралығында “Шартты түрде сотталған” атты республикалық профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, Абай аудандық пробация қызметі есебінде тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған адамдар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтармен қайталама қылмыс жасамаудың алдын-алу мақсатында ҚР Ішкі істер министірлігі бұйрығымен бекітілген ҚР Ішкі істер министірлігі нұсқауын орындаумен, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті туралы ережені басшылыққа ала отырып, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларымен, жұмыс орындары бос уақыттарында қандай іс-әрекеттермен шұғылданатынын анықтау үшін Абай аудандық пробация қызметі қызметінің қызметкерлерімен Абай ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе тексерулер толығымен жүргізілді, – деді әділет аға лейтенанты Талант Смағанбетов.

Сонымен қатар, тексеру барысында есепте тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдармен қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен заң бұзушылықтармен, қайталама қылмыстардың алдын алумен, олармен тиісті профилактикалық іс-шаралар атқарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру