Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында әжелер сотталғандарға өнер көрсетті

Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында Абай облысындағы әйелдер колониясында «Әжелер» ансамблі сотталған әйелдерге мерекелік концерт  ұсынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Әжелер» вокалдық тобының құрылғанына 25 жылдан асты, ең үлкені 80 жаста. Олар хормен ән шырқап, домбыра тартып, Қазақстан халықтарының атақты халық әндерін орындады, сонымен қатар сотталған әйелдер де әжелермен қосылып ән шырқады.

Грузиндер, орыстар, өзбектер, тәжіктер, шешендер болып, сотталғандардың өздері әртүрлі ұлттық  киімдерді қолдарындағы барымен тігіп жарқын ән айтып, би биледі.

– Осындай іс-шараларды колонияларда өткізу тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі және жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасындағы ұлтааралық келісімді, татулықты, достық пен өзара түсінікті нығайтуға бағытталған. Концерттен кейін бейресми жағдайда өнерпаздың әжелері әр әженің өмірінде басынан өткерген қиындықтары туралы айтып,оларды жеңу жолдары туралы кеңестермен бөлісті. Мерекелік концерт тамаша өтті. Әжелер мекеме қабырғасына жылулық, көтеріңкі көңіл-күй, ең бастысы болашаққа деген сенім ұялатты, – деп түсіндірді  мекеме бастығынын орынбасары Анара Сәбиева.

Бүгінгі таңда мекемеде 200-ге жуық сотталғандарың ішіннен 10 шақты ұлт өкілдері, оның ішінде неміс, татар, башқұрт, орыс, шешен, мордвин, украин, тіпті грек те жазасын өтеуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру