Абай облысында дүкенде жалған чекпен төлем жасаған азамат құрықталды
Абай облысында дүкенде жалған чекпен төлем жасаған азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында полицияға жергілікті кәсіпкер жүгініп, белгісіз адам дүкеннің үй-жайында болған кезде белгісіз адамның өз сенімін теріс пайдаланып, 10 мың теңге көлемінде сауда жасағанын, төлемді банктердің бірінің мобильдік қосымшасы арқылы төлегенін хабарлады. Сатушы өзіне электронды чек берген уақытта сатып алушының төлем жасағанына еш күмәнданған жоқ еді. Кейін есптеу кезінде ақша жетіспеушігілі анықталады. Содан кейін жағдайды талдағаннан кейін, қырағы сатушы алданғанын түсінеді.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер өз кінәсін мойындаған, Telegram қосымшасы арқылы жалған төлем чегін ұсынған 36 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.