Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді туысының үйінен тапты

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді туысының үйінен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын жүгінген. Ер адамның айтуынша, оның таңертең мектепке кеткен 11-сынып оқитын қызы, сабаққа бармай, хабарсыз кеткен.

Жасөспірімнің әкесі өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды.

Тәртіп сақшылары толық құрамда қызды іздеуге кірісті. Жоғалған жасөспірімді тез арада табу мақсатында көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде бірнеше сағат ішінде қыздың жүрген жері анықталды. Ол ауылдас туысының үйінен табылды. Қазіргі таңда жасөспірім қыз ата-анасына аман-есен табысталды.

Полиция қызметкерлерімен анықталғандай, жасөспірім қыз отбасы мүшелерінің сөзін көтере алмай, түсініспеушілікке жол берген.

Өз кезегінде қызының дін аман табылғанына қуанған әкесі полицейлерге алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру