Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері хабар-ошарсыз кеткен елорда тұрғынын тапты

Ақмола полицейлері облыс аумағынан 1 жылға жуық уақытқа хабар-ошарсызсыз кеткен елорда тұрғынын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жақсы АПБ учаскелік полиция инспекторы С.Бекжанов жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, елорданың хабарсыз кеткен 36 жастағы тұрғынының орналасқан жерін анықтады.

2022 жылдың 7 тамызында Астана қаласының полициясына ер адамның әпкесі өтініш білдірді. Әйел ағасының кішкене жанжалдан кейін үйден кеткенін және жоғалған адамның ұялы телефоны жоқ екендігін айтты.

Жоғалған адамды іздеуге тек елордалық полиция қызметкерлері ғана емес, облыстық полиция да назар аударды. Жоғалған адамды бүкіл елордалық аймақта және басқа облыстарда іздестірді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ер адам Жақсы ауданының жекеменшік үйлерінің бірінен табылды. Қазіргі уақытта мұндай ұзақ уақыт болмауының себептері анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру