Абай облысында ер адамнан марихуана тәркіленді
Абай облысында ер адамнан марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаңтардың аяғында жедел іс-шараларды өткізу барысында Көкпекті АПБ қызметкерлері есірткі құралдарын заңсыз сақтады деген күдікпен облыс орталығының 51 жастағы тұрғынын анықтады.
Тінту жүргізу барысында күдіктінің үйінен жасыл түсті, өсімдік тектес заттары бар пакет табылып, тәркіленді.
Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы 140 грамнан асатын кептірілген марихуана екендігі белгілі болды. Жауап алу барысында күдікті өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.