Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларға экстремизм мен терроризмге қарсы сабақ өткізілді

Абай облысында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларға экстремизм мен терроризмге қарсы сабақ өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда діни экстремизм мен терроризм тек жекелеген мемлекеттер үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін қауіп төндіретін жаһандық мәселеге айналып отыр. Әсіресе мұндай теріс идеологиялардың жастар арасында таралуы олардың дүниетанымына кері әсер етіп, қоғам қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Сондықтан жастармен тікелей жұмыс жүргізетін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың рөлі ерекше маңызға ие.

Осыған орай Абай облысы полиция департаментіне қарасты Семей қаласы полиция басқармасының экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Абай Құнанбаев кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін инспекторларға арналған арнайы оқу сабағын өткізді.

Сабақ барысында қатысушыларға діни экстремизм мен жалған терроризмнің қоғамға төндіретін қауіптері түсіндіріліп, төтенше жағдайлар кезінде эвакуациялау тәртібі бойынша практикалық мәліметтер берілді.

Іс-шара барысында Абай Құнанбаев  экстремизм мен терроризмнің алдын алу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.

– Экстремизм мен терроризмнің алдын алу – баршамызға ортақ жауапкершілік. Әсіресе кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін инспекторлардың бұл бағыттағы қызметі аса маңызды. Басты мақсатымыз – жастардың радикалды діни ағымдардың ықпалына түсуіне жол бермеу, оларды ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбиенің негізінде қалыптастыру. Осындай оқу сабақтары инспекторлардың кәсіби біліктілігін арттырып, жас ұрпақпен тиімді жұмыс жүргізуіне ықпал етеді, – деді ол.

Аталған іс-шара қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін инспекторлардың кәсіби дайындығы мен ақпараттық сауаттылығы – жастарды теріс ықпалдардан қорғауда шешуші рөл атқарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру