Абай облысында Кеншілер күні қауіпсіз өтті
Абай облысында Шахтерлар күні мерекесі кезінде қоғамдық тәртіп қамтамасыз етілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бородулиха ауданының Жезкент кентінде Шахтерлар күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, 1500 көрермен тамашалады.
Шара барысында ата-анасынан көз жазып қалған екі баланы полицейлер тез арада тауып, ата-анасына табыстады.
Полиция қызметкерлері мерекелік шаралар өткен аумақта қоғамдық тәртіпті бақылап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Көпшілік жиналған орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіз жүріп-тұруына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылауда ұстады.
— Мерекелік іс-шаралар кезінде басты міндетіміз — қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Осы мақсатта 150 полиция қызметкері қызмет атқарды. Іс-шаралар барысында жағдай тұрақты болды. Тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігіне басымдық беріліп, полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды қабылдады, – Абай облысы ПД бастығының орынбасары Жасұлан Байкенов
