Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер мен қоғам қайраткерлері оқушылармен кездесті

Абай облысында полицейлер мен қоғам қайраткерлері оқушылармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында Абай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшылығы және қоғам қайраткері Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталықтың басшысы С. Байгалиевпен бірге Семей қаласындағы “SNS” жеке мектебінің 5-9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

  • Кездесуге 100-ден астам бала қатысты. Кездесу шеңберінде оқушыларға терроризм, буллинг, бопсалау, есірткі қылмысы актісі туралы көрінеу жалған хабарларды болдырмау, көшеде де, тұрмыста да жол қозғалысы және жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының барлық талаптарының сақталуы туралы ақпарат жеткізілді. Сондай-ақ оқушылармен қоғамдық орындардағы мінез-құлыққа қатысты мәселелер талқыланып, олардың назарын ересектер мен құрдастарына құрметпен қарауға аударды.

Тәжірибе мысалдарында полиция қызметкерлері балаларға есірткі мен алкогольді, сондай-ақ темекі шегудің, әсіресе жас кезінде қандай зардаптарға әкелуі мүмкін екенін айтты. Іс-шара соңында олар оқушыларды жақсы оқуға, заңға бағынуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Кездесу соңында балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру