Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер қатты аязда адасқан шопандарды жаяу жүріп іздеп тапты

Абай облысында полицейлер қатты аязда адасқан шопандарды жаяу жүріп іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 ақпан сағат 01.24-те “103” арнасының операторынан Абай облысының Жарма ауданындағы Шабақ қыстауынан шамамен 4 км қашықтықта екі ер адам көмек сұрағаны туралы өтініш келіп түсті.  

Қоңырау шалушы әріптесімен бірге кешке қыстақтан Суықбұлақ ауылына шыққан. Жол бойында трактордың жанармайы қатып қалғанын және ер адам кері қайтайын десе, адасып кеткенін хабарлады. Кейбір жерлерде байланыс болмады. Жығылғанға жұдырық болып телефонның қуаты да таусылуға шақ қалған.

Далада кезіп жүрген ер адамдар шұғыл қызметтерге мезгіл-мезгіл қоңырау шалып, қатты қатып тоңғандарын хабарлады.  

Жарма ауданының учаскелік полиция инспекторлары дереу көмекке шақырылды.

Іздеу жұмыстары оңай болмаған, өйткені Адасқандар өздерінің координаттарын бере алмады. Полиция қызметкерлері Дастан Иманов пен Еркебұлан Самалхан шамамен бағытты түсініп, трактор дөңгелектерінің ізімен шыққан жерден адамдарды іздеу туралы шешім қабылдады. Нива автокөлігімен даланы аралап жүріп, полицейлердің өздері қар құрсауында қалып, көлікті тастап, әр минут маңызды екенін түсініп, іздеуді жалғастыруға шешім қабылдады. Бұл уақытта ауа температурасы -39-ға дейін жеткен еді. Өз өмірлерін қатерге тігіп, үсік шалған полицейлер 2 км-ден кейін тракторшыларды тапты.  

Ең қиыны қызметтік көлікке қайту жолы болды, аяздан әлсіреген ауыл тұрғындарына көмектесу керек болды.

– Ер адамдар қуаныштың көз жасын жасыра алмады, бізге алғыс айтты. Біз олармен бірге қуандық, адамдарды құтқару үшін бәрін жасағанымызды түсініп, толық тыныштық сезімімен үйге қайттық, – деді Дастан Иманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру