Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Алматы академиясында ғылыми саладағы ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды

Қазақстанның әскери және арнаулы оқу орындары қауымдастығының қызметі шеңберінде ІІМ Алматы академиясының үйлестіруімен Киберқауіпсіздік бойынша білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігі киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және киберқылмыспен күрес мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Орталық аппарат қызметтері мен полиция департаменттерінің жүргізіп жатқан жұмыстарымен қатар, ведомстволық оқу орындарының бар әлеуеті белсенді түрде пайдаланылуда.

Ішкі істер органдарының қызметкерлерін оқыту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Алматы академиясында заманауи аппараттық-бағдарламалық жүйелермен жабдықталған Мамандар даярлау орталығы мен киберзертхана құрылды. Білім беру сапасын арттыруға, озық тәжірибені ескере отырып, оқу үдерісіне жаңа тәсілдер әзірлеуге, сондай-ақ осы саладағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінеді. Білім беру сапасын арттыру, озық тәжірибені, сондай-ақ аталған саладағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты ескере отырып, оқыту процесіне жаңа тәсілдерді әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Оларды іске асыру үшін Қазақстанның әскери және арнаулы оқу орындары қауымдастығының (ІІМ, БП, ҰҚК, ҚМ, ТЖМ) қызметі шеңберінде ІІМ Алматы академиясының үйлестіруімен Киберқауіпсіздік бойынша білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды.

Құжат БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен өзара іс-қимылда әзірленді және білім беру мекемелері арасындағы одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған, оның ішінде бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізу, киберқауіпсіздікке қарсы іс-қимылдың инновациялық әдістерін әзірлеу және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарды даярлау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру