Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер жасөспірімдер арасында бокстан турнир ұйымдастырды

Абай облысында “Біз есірткіге қарсымыз” ұранымен жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаментінің басым міндеттерінің бірі – жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу. Осыған байланысты облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен Семей қаласында “Біз есірткіге қарсымыз” ұранымен жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир өтті.

Іс-шараға Өзбекстан Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Әзірбайжанның спортшылары қатысты.

Турнирдің ашылуында Абай облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Т. Қамза балаларды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға және есірткіге қарсы болуға шақырды, сондай-ақ есірткі қолданудың қауіптілігі және жауапкершілік туралы ескертті.

Өткізілген спорттық жарысқа 200-ден астам спортшы қатысты. Жеңімпаздар мен ерекше көзге түскен спортшылар облыстық олиция департаментінің естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру