Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұландықтар ардагерді мерейлі жасымен құттықтады

Ұлттық ұландықтар “Генералдар кеңесі” республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Дәулет Салхановты мерейлі 75 жасымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 сәуір “Генералдар кеңесі” республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Дәулет Салханов 75 жасқа толды. Құрметті ардагерді Ішкі істер министрі мен Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы атынан құқықтық тәртіп әскерінің Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов арнайы құттықтады.

– Сіз қиын-қыстау тоқсаныншы жылдары бұрынғы Ішкі әскер, қазіргі Ұлттық ұланда басшылық қызмет атқардыңыз. Келесі буын командирлеріне кәсіби даярланған әскерді жасақтап беруде абыройлы қызмет еттіңіз. Қызмет барысында өзіңізді білімді де білікті басшы, қамқор командир ретінде таныттыңыз. 15 жылдай бас штабты басқарған кезде көпшіліктің алғысына бөлендіңіз. Сондықтан да сіздің өмір жолыңыз жас әскери қызметшілерге үлгі, – деді Қайрат Үмбетов

Құттықтау барысында мерейтой иесіне Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы Еркін Ботақановтың құттықтау хаты табысталды.

Сонымен қатар Дәулет Салхановтың құрметіне орай Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің өнерпаздары Бауыржан Мақаев пен қатардағы Айбек Рымғали қоңыр домбыраның үнін күмбірлетіп, жырдан шашу шашты.

Осыдан кейін туған күн иесіне “Генералдар кеңесі” республикалық қоғамдық бірлестігінің басшылық құрамы мен Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Прокуратура секілді өзге де ведомство өкілдері құттықтауларын жеткізді.

“Генералдар кеңесі” бірлестігінің мүшелігіне енген ардагерлер қауымы туған күні иесінің әскер қатарындағы қызмет жолы мен өміріндегі елеулі кезеңдер жайлы әңгімеледі. Мерейлі белес биігіне көтерілген генералға ақжарма тілектерін арнап, жылы лебіздерін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру