Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері аязды күндері әйелдер мен балаларға көмек қолын созды

Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері аязды күндері әйелдер мен балаларға көмек қолын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №20 мекеме қызметкерлері қатты аязды күндері аялдамада тұрған тұрғындарды керек жерлеріне жеткізіп, қайырымды іс жасады. Сондай-ақ қала тұрғындарына ыстық шәй мен тәтті тоқаштар ұсынды.

Күтпеген жерден көрсетілген көмекке жұртшылық шексіз алғыстарын білдірді.

– Апта бойы сақылдаған аязда жүрекке жылулық ұялататын игі істерге бастамашы болып, жақсылық жасауға асыққан қызметкерлерге ризашылығым шексіз, – дейді 64 жастағы қала тұрғыны.

– Біз кішіпейілдік пен мейірімділік күнделікті жасалатын кішкентай ғана қайырымды істерден құралатынына сенімдіміз. Ал қиындықта бейжай қалмау әр адамның қолынан келетін іс, – дейді ҚАЖ қызметкері Құралай Иксанова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру