Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында құқықтық сауаттылықты арттыру жұмыстары жалғасуда

Абай облысында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жоба жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында "Заң мен тәртіп" идеологиясы аясында жүзеге асырылып жатқан "Заң керуені" жобасы Көкпекті және Ақсуат аудандарында жалғасын тапты. Абай облысының ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған жоба тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайтуға және азаматтарға қолжетімді құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.

Жоба аясында құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелер мен түрлі салалық қызметтердің өкілдері аудан тұрғындарымен кездесіп, құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ашық форматта өткен кездесулерде азаматтар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, білікті мамандардан нақты жауаптар мен құқықтық кеңестер алды.

Көкпекті ауданындағы іс-шаралар Үлкенбөкен, Преображенка және Көкпекті ауылдарында өтті. Кездесулер барысында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетіліп, заңнама талаптары түсіндірілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтармен еркін пікір алмасып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығына тоқталды.

"Заң керуені" жобасы Ақсуат ауданында да өз жалғасын тауып, Көкжыра, Екпін және Ақсуат ауылдарының тұрғындарын қамтыды. Ауылдық округтерде өткен кездесулерде азаматтар құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Мамандар тұрғындардың өтініштерін тыңдап, заң аясында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

"Заң керуені" жобасы тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелерді тиімді шешуге бағытталған маңызды бастама ретінде өңірде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру