Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері тұрғыннан заңсыз қару тәркіледі

Абай облысының полицейлері тұрғыннан заңсыз қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 тамыз күні Абай ауданының полицейлеріне қыстақ иелерінің бірі мылтық қаруын заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Тінту барысында Абай ауданындағы қыстақтардың бірінің 63 жастағы иесінен жайылымнан мылтық табылып, тәркіленді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат Тула қару-жарақ зауытында 1956 жылы шығарылған, ТОЗ-8 моделінің 5,6 мм калибрлі мылтығы болып шықты, оның зауыттық нөмірі қабылдағышта және ысырмада жазылған мылтық атыс қаруы.

Ұсынылған түрде бұл мылтық 5,6 мм калибрлі сақиналы тұтану патрондарымен оқ атуға жарамды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Атыс қаруын (Тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру