Абай облысының полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстар атқаруда
Абай облысының полициясы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қылмыс екендігін ескертеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының 32 жастағы тұрғыны мас күйінде бұрынғы жұбайының үйіне келіп, жанжал барысында оған бірнеше рет қол көтерген.
Ашуға бой алдырған ер адам әйелінің ішіне, бетіне, иығына және арқасына соққы жасаған. Денсаулығына айтарлықтай зиян келмесе де, жәбірленуші түрлі жарақат алып, ауыр күйзелісті бастан өткерді.
Қорлыққа шыдамаған әйел бірден полицияға жүгінді. Құқық қорғау қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды, алайда сот отырысында жәбірленуші бұрынғы күйеуін кешіргенін мәлімдеді. Бірақ бұл адамға сабақ болмады – ол зорлық-зомбылық әрекеттерін қайта жалғастырды. Нәтижесінде әйел тағы да тәртіп сақшыларына хабарласып, көмек сұрадыОқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады. Сот шешімімен ер адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің "Денсаулыққа жеңіл зиян келтірмеген соққы немесе басқа да күш қолдану әрекеттері" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 25 тәулікке қамауға алынды.
Абай облысы полиция департаменті азаматтарды зорлық-зомбылықты жасырып, үнсіз қалмауға шақырады. Егер сізге немесе жақындарыңызға қауіп төнсе, дереу полицияға хабарласыңыз. Тәртіп сақшылары әрдайым көмек көрсетуге дайын!