Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының тұрғыны үйінің ауласында қарасора өсірген

Абай облысының тұрғыны үйінің ауласында қарасора өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Абай облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымына, оны тасымалдауға, өткізуге, сондай-ақ өсіруге қарсы іс-қимыл шараларын күшейтті. Облыстың екі қаласы мен аудандарында рейдтік және профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Жедел ақпаратты пысықтау кезінде есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі сақтауға күдікті адамды анықтады. Ақпарат күдіктінің үйінен өсімдік тектес жасыл түсті зат бар орамы табылған кезде расталды.

Күдікті үйінің ауласын тінту кезінде құрамында есірткі бар өсімдіктер де табылды. Заттай дәлелдемелер ретінде алынған есірткі бұталары сараптамаға жіберілді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, қылмыстық іс бойынша алынған өсімдіктер каннабис (қарасора) кептірілмеген есірткі. Өсімдіктің салмағы – 1,32 гр.

Аталған фактілер 2 бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды: құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру және есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру