Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының тұрғынына құрбысы алаяқтық жолмен 1,5 млн теңгеге несие рәсімдеген

Абай облысының тұрғынына құрбысы алаяқтық жолмен 1,5 млн теңгеге несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бесқарағай ауданының полицейлері жедел- іздестіру жұмыстары барысында 1,5 млн теңгеге жуық сомаға несие ресімдеді деген күдікпен 52 жастағы азаматты ұстады.

Полицияға облыс орталығының 64 жастағы тұрғыны белгісіз біреудің өзінің жеке деректерін мобильді қосымша арқылы пайдалана отырып, оған 1,5 млн теңге сомасына түрлі банктерде онлайн-кредиттер ресімдегені туралы шағымданды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер Бесқарағай ауданының 52 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өз  кінәсін мойындап, ақшаны өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты. 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру