Абай облысының тұрғынынан заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді
Абай облысының тұрғынынан заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласы полиция басқармасы экстермизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 63 жастағы Шаған ауылының тұрғынын ұстады. Оның үйін кейінге қалдырмай тінту барысында заңсыз сақталған екі мылтық, үш жүзден астам оқ-дәрі табылып, тәркіленді.
Тексеру нәтижесінде тәркіленген оқ-дәрілер мен қару-жарақ марқұм әкесіне тиесілі екендігі анықталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аталған баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, 5 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруды көздейді.