Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер мен қоғамдық ұйым өкілдері жасөспірімдер арасында спорттық іс шара өткізді

Облыстық полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл, арнайы жұмылдыру және даярлық басқармалары мен “Динамо” дене шынықтыру қоғамы “Үміт” қоғамдық ұйымымен бірлесіп, Қарағанды қаласының орталық демалыс саябағында жасөспірімдер арасында спорттық іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шара халықаралық есірткімен күрес күніне орай өткізілді. Спорттық іс-шараға Қарағанды, Теміртау, Шахтинск және Саран қалаларының мектептерінен 13 пен 15 жас аралығындағы балалар қатысты.

Сайыс барысында балалар жеңіл атлетика эстафетасы және командалар арасында волейбол ойнаудан бақ сынасты. Сайыс барысында оқушылар өздерінің командаларын алдыңғы орынға алып шығу мақсатында тартысты ойын көрсетті. Сайыс соңында облыстық полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оқушыларға есірткінің зияны туралы баяндамалар оқып, есірткі қолдану не болмаса сатқан жағдайда қандай жауапкершілік көзделетінін жеткізді. Сайыс қорытындысы бойынша үздік шыққан командаларға медальдар мен кубоктар, бағалы сыйлықтар және есірткінің зияны туралы белгісі бар бас киімдер таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру