Ахметжанов шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы айтты
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан тағы бір іс-шара - шетелдік автокөліктерді заңдастыру.
Сақтандыру компанияларының деректері бойынша, елде 300 мыңнан астам шетелдік автомобиль бар. Олардың барлығы дерлік Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен – Ресей, Армения, Қырғызстан және Белоруссиядан әкелінді (99%).
- Оларды Қазақстанда заңдастыру жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезең – заңдастыруды өткізу үшін заңнамаға қажетті түзетулер енгізу. Екінші кезең - барлық қажетті құқықтық актілер қабылданғаннан кейін заңдастыруды өткізу, - деді министр.