Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатайық” атты дөңгелек үстел өтті

Түркістан облысында “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан аумағында “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатайық!” акциясы жүргізілуде. Акцияның негізгі мақсаты – көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке алдын алу жұмысын жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылдап жатқан шаралармен таныстыру.

Акция барысында Төлеби АПБ-нің қызметкерлері “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы” Заңының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар, сонымен бірге іс-шараны өткізу шеңберінде кездесулер өткізіп , буклеттер, жадынамалар үлестірудегі жұмыстар жүргізді.

Сонымен қатар аудан көлемінде 197 әйелдерге қарсы қылмыстар тіркелген. Оның ішінде отбасы тұрмыстық қарым-қатынаста – 120, қылмыстық іс қозғалғаны – 89, өндіріспен қысқартылғаны – 52. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша – 126, қоғамдық орындарда – 71 құқық бұзушылықтар анықталған. Отбасы тұрмыстық қатынастар аясында жасалған құқыққа қарсы әркеттері үшін 189 адамға қорғау нұсқамасы рәсімделген.

Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау құрылымдарымен қызметін жақсарту және жетілдіру мақсатында бүгінгі күнге дейін жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ мемлекеттік органдармен, атап айтқанда Төлеби аудандық сотының конференция залында “Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірлесіп тоқтатайық” атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Онда зорлық-зомбылықты алдын алу, онымен қалай күресу жолдары талқыланды.

Сондай-ақ Төлеби ауданы аумағында орналасқан ЖОО және орта білім беру орындарында студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру