Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мекемеде 112 сотталған азамат жұмыспен қамтылған

Түркістан облысында мекемеде 112 сотталған азамат жұмыспен қамтылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түзеу мекемелерінде бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жатқандарды еңбекпен қамтамасыз ету – Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басты міндеттерінің бірі.
Қазіргі нарықтық заман талабына сай, Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/9 мекемесінде атқарылып жатқан нақты істерге көз сүйсінеді. Осы мекемеде жұмыс көзін ашқан сотталғандар ісінің алға басуы тек талмас еңбек пен сенімнің арқасы екенін дәлелдей түскендей.

Мекемеде соңғы жылдары жаңа өндіріс орындары ашылып, шағын және орта бизнес субъектілерін тартуда бірқатар жұмыстар атқарылған.

Атап айтқанда, алты жеке кәсіпкер 112 сотталған азаматты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Олар арнайы киімдер мен көрпе-төсек жаймаларын, темір бұйымдарын және жиһаз түрлерін дайындайды. Сонымен қатар, құрылысқа қажетті шегелер, күйдірілген қыш, ағаштан жасалған заттар, ағаш есіктер, терезе жақтаулары, астау, қымызға арналған ыдыстар, домбыра мен қолөнер бұйымдарының түр-түрін жасайды.

Бүгінгі кәсіпкер көмекшілері – ертеңгі өз алдына жеке кәсіпкерлікке дайын жандар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру