Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Айфон ұрлаған әйел ұсталды

Сәтбаев қаласында дүкеннен айфон ұрлаған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қарашада Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне минимаркеттердің бірінен “IPhone-6” және “Форс” құрылғысын белгісіз біреудің ұрлап кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

19 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Тергеу кезінде күдікті қылмысын мойындап, айғақ заттар алынды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық)  бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру