Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Әкеге қарап ұл өсер»: Қызылорда облысы Полиция департаментінде 15-ге жуық полицейлер династиясы қызмет атқарады

Қызылорда облысы Полиция департаментінде 15-ге жуық полицейлер династиясы қызмет атқарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Бүгінде полиция династиясын құрап отырған отбасылар баршылық. Солардың бірі, бір мамандыққа адалдық танытып, қоғам тыныштығы жолында күннің ыстық-суығына қарамастан еңбек етіп, қашанда темірдей тәртіпке бағынатын полицейлер  Әбішовтер  жанұясы туралы әңгімелекпіз.

Арал ауданының Полиция бөлімінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбішов  Жайлаубай Жұмағұлұлы 1948 жылдың 7 қарашасында Қызылорда облысы Арал ауданы Райым ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Қамбаш орта мектебіне оқуға қабылданып, 1966 жылы бітіріп шыққан.

1967 – 1969 жылдар аралығында Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеген. 1970 жылдың 29 қаңтарында Қызылорда облысының Арал аудандық ішкі істер бөліміне қызметке тағайындалған. 1981-1984ж.ж. ҚАЗ ССР Ауыл шаруашылық министрлігінің Қызылорда совхоз техникумын бітірген. 1990 жылдарға дейін уақытша ұстау камерасының бастығы, 1990-1997ж.ж. аймақтық учаскелік полиция инспекторы   қызметін атқарып, 1997 жылы Ішкі істер органындағы 33 еңбек өтілімен аға лейтенант шенімен зейнеткерлікке шыққан.

Ардагер Жайлаубай Әбішов еңбек демалысына шыққанымен, баға жетпес тәжірибесін бөлімнің жас қызметкерлеріне үйретіп, бөлімнің Ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқаруда.

Ішкі істер органдары қатарында қызмет атқарған уақытта ҚР ІІО-ның «Мінсіз қызметі үшін» 1,2,3 дәрежелі төсбелгілері;1980 жылы «Милиция үздігі» төсбелгісі; 1980 жылы Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті басқармасының «Алғыс хаты»; 1984 жылы Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті басқармасының «Құрмет Грамотасы»; 1992 жылы ҚР ІІМ-нің «Үздік қызметі үшін» төсбелгісімен; 1995 жылы Арал аудандық ішкі істер бөлімінің «Құрмет грамотасы»; 1997 жылы Арал аудандық ішкі істер бөлімінің «Құрмет грамотасы»; 2007 жылы Қызылорда облыстық  Ардагерлер кеңесінің «Құрмет грамотасы»; 2009 жылы Қызылорда облыстық ішкі істер Департаментінің «Құрмет грамотасы»;  2011 жылы ҚР ІІО-мен ішкі әскерлер ардагерлері Қазақстандық кеңесінің «Құрмет грамотасы»; 2012 жылы Қызылорда облыстық Полиция департаментінің «Құрмет грамотасы»; 2012 жылы Арал ауданының Полиция бөлімінің «Алғыс хаты»; 2017 жылы Арал ауданы әкімінің «Алғыс хаты»; 2017 жылы ҚР ІІМ-нің «Қазақстан Полициясына 25 жыл» төсбелгісімен; 2018 жылы 18 мамырда ҚР ІІО мен Ұлттық Ардагерлер кеңесінің Президиумының қаулысымен «ҚР ІІО Құрметті ардагері» төсбелгісімен; 2019 жылы 20 наурызда  Қызылорда ОПД-нің «Алғыс хатымен»; 2020 жылдың 30 сәуір күні Қызылорда ОПД-нің «Грамотасымен» сияқты орден-медальдерінің иесі.

Жұбайы Ильясова Күлзипаш Беркенқызы екеуі алты бала, 15 немере тәрбиелеп отыр.

Жайлаубай Әбішовтың баласы Талғат Әбішов те әке жолын қуып, 2010 жылы Қызылорда Болашақ университетінің «құқықтану» мамандығын бітірген. ҚР ІІО-ны қатарында 2004 жылдың қаңтар айынан Қызылорда облысы Мемлекеттік күзет басқармасының Арал қаласында орналасқан полиция взводының полицейі, 2011 жылдың  желтоқсан айынан Арал аудандық ішкі істер бөлімінің жол-патрульді полиция тобының полицейі, бөлімнің сезіктілер мен қылмыс жасағандары үшін айыптаушыларды уақытша ұстау изоляторының кинолог-полицейі, бөлімнің жедел криминалистика тобының аға криминалисті қызметін абыроймен атқаруда.

Полиция капитаны Талғат Әбішовтың ҚР ІІО-ғы қызметі бағаланып, 1, 2-дәрежелі ҚР ІІМ-нің «Мінсіз қызметі» үшін төсбелгісімен, ҚР ІІО-ның «Үздік қызметі үшін» төсбелгісімен, ҚР ІІМ-нің «Жедел криминалистикасына 100 жыл» төсбелгісімен және Қызылорда облысы Полиция департаментінің, Арал ауданының Полиция бөлімінің «Грамота», «Алғыс хаттарымен» марапатталған.

Ол қызмет атқарған уақыт аралығында өзінің қызметтік міндеттері мен басшылар тарапынан берілген тапсырмаларды уақтылы орындайтын қызметкер ретінде көрсетіп келеді.  Әке жолын қуған Талғат та, міне осылай өз саласында абырой биігінен көрінуде.Үлгілі отбасы, жұбайы Қуанышева Айгүл Шүленбайқызы екеуі екі бала тәрбиелеуде.

«Отбасы күні» қарсаңында Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығы және жеке құрамы полицейлер династиясы Әбішовтер жанұясына отбасылық бақыт, қызметте табыс және абырой тілейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру