Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әкімшілік рақымшылық: Павлодар облысында борышкерлердің 200 млн теңгеден астам айыппұлы кешірілді

Павлодар облысында борышкерлердің 200 млн теңгеден астам айыппұлы кешірілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жүргізілді. Ол заңда көзделген баптар бойынша азаматтарды әкімшілік айыппұлдарды төлеуден босатуды қарастырады.

Павлодар облысында әкімшілік рақымшылық 19 мыңнан астам іске қатысты қолданылды. Нәтижесінде азаматтарға қатысты жалпы сомасы 200 миллион теңгеден асатын 19061 әкімшілік іс бойынша атқарушылық өндіріс тоқтатылды.

Мәселен, Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны ұзақ уақыт бойы отбасылық жағдайына байланысты бірнеше әкімшілік айыппұлын төлей алмай келген.

– Мен үшін бұл рақымшылық – жаңа мүмкіндік. Отбасылық жағдайыма байланысты айыппұлдарды уақытында төлей алмадым, бұл маған үлкен қаржылық салмақ болды. Айыппұлдарымның кешірілгеніне қуаныштымын. Енді заң бұзбаймын және барлық жүргізушіні жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырамын. Борышкерлер тізімінде болу – жақсы емес, ал қарыз адамның мойнындағы ауыр жүк сияқты, – дейді павлодарлық тұрғын Игорь.

Әкімшілік рақымшылық – бұл бір реттік ізгілік шарасы. Ол азаматтарды алдағы уақытта жасалуы мүмкін құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды. Құқық бұзушылық қайталанған жағдайда, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес толық көлемде жауапкершілікке тартылады.

— “Заң мен тәртіп” қағидатын сақтау – қауіпсіз әрі әділетті қоғамның негізі, – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмедьянов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру