Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әкімшілік тәртіпті қамтамасыз ететін сақшының бір күні

Түркістан облысында әкімшілік тәртіпті қамтамасыз ететін сақшы бір күнімен бөлісті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын таңғы таралым. Қызметтік міндеттер нақтыланып, әр полицей өз бағытына кіріседі. Жетісай аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінде де жұмыс осындай қарқынмен басталады.

Айгерім Бекболатқызы — әкімшілік шара көру тобының аға инспекторы. Оның күнделікті қызметі әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Айгерімнің жұмысы қағазбастылықпен ғана шектелмейді. Ол айыптұрақтардағы көліктердің заңды негізде орналастырылуын тексеріп, әкімшілік материалдардың дұрыс рәсімделуіне назар аударады. Әрбір хаттаманың заң талаптарына сай толтырылуы мен қажетті құжаттардың толықтығын қадағалайды.

Әкімшілік істер бойынша материалдарды жинақтап, белгіленген тәртіппен сотқа жолдайды. Сонымен қатар салынған әкімшілік айыппұлдардың орындалуы мен өндіріп алынуын бақылауға қатысады.

— Күнделікті қызметімде ең бастысы – заң талаптарының сақталуы. Әрбір әкімшілік материалдың дұрыс рәсімделуі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаумен тікелей байланысты. Сондықтан жұмыста жауапкершілік пен мұқияттылықты басты орынға қоямын, – дейді полиция капитаны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру