Аккумулятор ұрлаған топ ұсталды
Орал қаласында жүк көлігінің аккумуляторын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Орал қ.ПБ КПб жедел уәкілдері 30 мамыр мен 4 маусым аралығында, кешкі сағат 18.00-ден соң бірнеше аккумулятор ұрлаған, төрт эпизодты қылмысқа жол берген екі жігіттен құрылған
қылмыстық топты құрықтады. Олар қаладағы бірнеше ірі ЖШС-інің ауласында тұрған ірі ауыр жүк көліктерінің аккумуляторын ұрлап, жеңіл көліктердің салонынан жеке мүліктерді ұрлап, ізінше жоғары құнмен сатып үлгерген.
Мысалы, Зрелов көшесіндегі ірі ЖШС-і ауласында тұрған «КАМАЗ» маркалы көліктің аккумуляторын түнде шешіп, шапшаңдатып 50 мың теңгеге сатқан. 1965 жылғы В. есімді көлік
иесі таңертеңгілік қызметіне келгенде аккумулятор жоғын көріп, басшылыққа хабар жеткізген. Полиция қызметкерлерінің құрығына түскен 1982 жылғы Бәйтерек ауданының тұрғыны, 1989 жылғы Ет комбинаты ауданының тұрғыны ұрлыққа барғандарын мойындады.
Барлық ұрланған айғақ заттар тәркіленді. Орал қалалық ПБ ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөліміне сай төрт эпизодты қылмыстық іс қозғап, тергеу бөлімінде тергеліп жатыр.