Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Акцияның 3 күнінде ақтөбеліктер өз еркімен 48 қару тапсырды

Акцияның үш күнінде ақтөбеліктер өз еркімен 48 қару тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 сәуірден бастап Ақтөбе облысының аумағында тұрғындардан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу бойынша жыл сайынғы республикалық акция жүргізіледі.

Акция басталғанан бері азаматтар үш күнде 48 бірлік қару, оның ішінде алты бірлік ойық және 42 тегіс ұңғылы қаруды тапсырды.

Мысалы, Ойыл ауданының 20 жастағы тұрғыны полиция бөліміне екі бірлік қару тапсырды (16 калибрлі ИЖ аңшылық мылтық және ТОЗ-8 ойық ұнғылы мылтық) тапсырды. Оның айтуынша, мылтық марқұм атасынан қалған, өтіп жатқан акция туралы біліп, әкесімен ақылдасып, оларды тапсыруға бекінген.

Заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыруға ниет білдірген азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Өзінде заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақы үшін тапсыруға ниет білдірген кез келген азамат аумақтық полиция бөліміне барып, өтініш бере алады. Өтінішті полиция бөлімдерінің кезекші бөлімдерінде беруге болады.

Азаматтар телефон арқылы жүгінген кезде осы заттардың орналасқан жеріне барлық қажетті іс-шараларды жүргізетін полиция қызметкері жіберіледі.

Қаруды немесе оның компоненттерін ұқыпсыз пайдалану ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, өйткені олар өмір мен денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру