Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да бір күннің ішінде 6 интернет-алаяқтық тіркелді

СҚО-да бір күннің ішінде алты интернет-алаяқтық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 сәуір күні мұндай алты қылмыс тіркелді. Екі жағдайда да “банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалған” – қаскөйлер адамдарды банк шоттарында күмәнді әрекеттер жасалды деп қорқытып, ақшаны сақтап қалу үшін басқа шотты ашу қажеттігі туралы айтқан. Жәбірленушілер өз ақшаларын немесе алаяқтардың нұсқауымен алынған несиені аталған шотқа аударған, келіп түскен sms-хабарламалардан құпиясөздер мен кодтарды айтып, барлық қаржыдан айырылып қалған екен. Тағы бір факті тауар мен қызметтерге алдын ала төлем жасаумен байланысты. 38 жастағы петропавлдықтың басынан өткен жағдай тіптен ерекше, “Telegram” мессенджеріндегі арналарды қарап отырып, “ақшаны көбейтіп беремін” деген қызметке тап болады. Ер адам қаскөйлермен хат алмасып, оларға тоғыз мың ресейлік рубль жібереді, бірнеше күннен кейін оның қаржысы 15 мың рубльге жеткені туралы хабарлама келіп түскен. Алайда, хат алмасу кезінде қаскүнем ақшаны алу үшін тағы ақша жіберуді сұрайды. Оңай олжаға қызыққан қалалық қылмыскерге 17 мың рубль жібереді, бұдан кейін қаскөй байланысқа шықпай қойған. Алаяқтың құрбанына айналғанын түсінген ер адам полицияға жүгінген. Келтірілген шығын сомасы 157 мың теңгені құрады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-б. (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

– Интернет-алаяқтықтың алдын алу бүгінгі таңда жұмысымыздағы өзекті мәселелердің бірі, – деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Андрей Акопян. – 21 сәуір күні криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері еріктілермен бірге облыс орталығының көшелеріне шығып, интернет-алаяқтықтың қаупі туралы алдын алу жұмысын жүргізді. Бір күннің ішінде адамдар көп жүретін орындарда, яғни қала орталығындағы, 20 ықшамаудандағы, Береке ықшамауданындағы сауда үйлерінің қасында 600 жадынама таратылды. Негізгі ұсыныстар тәжірибе негізінде әзірленді: оңай ақшаға қол жеткізу мүмкіндігінен аулақ болу, сатушының алдап тұрмағанына сенімді болған жағдайда ғана алдын ала төлемге келісу қажет. “Банктің қауіпсіздік қызметінен” қоңырау шалынатын болса, ең дұрысы, тұтқаны қою. Алаяқтар адамдарды өз ырқына көндіре алады, білдірмей әрекеттер жасатуы мүмкін – олармен әңгімелесіп, тәуекелге бармаған жөн. Егер шотқа қатысты күмән туындаса, жақын маңдағы банк бөлімшесіне баруға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру