Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ ақмолалыққа тәуелсіз сараптама жүргізуге көмектесемін деп 4,5 млн теңгесін алған

Алаяқ ақмолалыққа тәуелсіз сараптама жүргізуге көмектесемін деп 4,5 млн теңгесін алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 желтоқсанда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына алаяқтықтың құрбаны болған облыс орталығының тұрғыны өтініш білдірді. Ер адам маусымда жол-көлік оқиғасы бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу сылтауымен Көкшетау тұрғынының 4,5 млн теңгесін иемденгенін хабарлады.

Іздеу шараларының нәтижесінде алаяқтың жеке басы анықталды. Ол 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру