Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жоғалған жылқыларды тауып, иесіне қайтарып берді

Ақмола полицейлері жоғалған жылқыларды тауып, иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлерге жайылымнан жоғалған жылқыларды табу үшін үш күн қажет болды.

23 желтоқсанда Егіндікөл ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын 17-23 желтоқсан аралығында Жалманқұлақ ауылдық округінің маңында еркін жайылымнан жоғалып кеткен 6 жылқыны іздестіруге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінді.

Өздігінше іздеу нәтиже бермеді. Шаруа қожалықтарының бірінің басшысы келтірілген залал сомасын 2 миллион теңгеге бағалады.

Егіндікөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 3 іздеу тобына бөлініп, жақын маңдағы жыраларды, бос жерлерді, орман екпелерін тексерді. Іздеу іс-шараларына 12 полиция қызметкері, үш көлік жұмылдырылды. Күш-жігердің арқасында тәртіп сақшылары жоғалған жерден 15 км қашықтықта Қоскөл көлінің жанынан жоғалған жылқыларды тапты.

Қазіргі уақытта жылқылар иесіне қайтарылды, сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру