Алаяқ Павлодар тұрғынын жөндеу жұмыстарын жүргіземін деп алдап кетті
Алаяқ Павлодар тұрғынын жөндеу жұмыстарын жүргіземін деп алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бірнеше күн бұрын Павлодар полициясына облыс орталығының тұрғыны жүгінді. Ол жуынатын бөлмеде жөндеу жұмыстарын жүргізбек болғанын айтты, сайттардың бірінде бұндай жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарландыруды тапқан.
– Мен кездесуге келістім. Үш күннен кейін ер адам келіп, жуынатын бөлмені жөндеуге кірісті, 12 күнтізбелік күннен кейін жұмысты аяқтауға уәде берді, – дейді жәбірленуші.
Тапсырыс беруші шарт жасаспай, 100 мың теңгені қолма-қол ақшаны тапсырды. Осыдан кейін «шебер» байланысқа шығуды тоқтатты.Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Павлодар қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады. Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.