Алаяқ қызылордалық тұрғынды 700 мың теңгеге алдап кетті
Алаяқ қызылордалық тұрғынды 700 мың теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тұрғындарға бейтаныс адамдарға сенбеу керегін айтқанына қарамастан, қала тұрғындары алаяқтардың арбауына көптеп түсуде.
Мәселен, 2 қыркүйек күні Қызылорда қаласы Полиция басқармасына 29 жастағы қала тұрғыны арызданды. Арызданушы маусым айында жұмысқа орналасу үшін бейтаныс ер азаматқа 700 мың теңге көлемінде қаржы берген.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде бұрын сотты болған 30 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті өз ісін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі, 4-тармағымен (Алаяқтық) іс қозғалды. Күдіктінің осы тектес 4 қылмыстық іске қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 2 миллион теңгені құрайды. Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.