Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ тұрғынның телефонын алдап алып кеткен

Қоңырау шаламын деп, ұялы телефонын алып кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қараша күні көп қабатты үйлердің подъезінде осы үйдің тұрғынынан бейтаныс азамат сеніміне кіріп, ұялы телефонын “бірлік салып, қоңырау шаламын” деп сұрап, алып кеткен.

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде аталған оқиғаға қатысы бар күдікті анықталып, ұсталды. Ол бұрын сотты болған 44 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаменті Сізден бейтаныс адам қоңырау шалуға ұялы телефоныңызды сұраған жағдайда мұқият болуыңызды сұрайды. Сақтық шаралары Сізді алаяқтардың арбауынан қорғайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру