Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтар көкшетаулық екі зейнеткерді 3 млн теңгеге алдап соққан

Көкшетауда бір күнде екі зейнеткер алаяққа алданып қалды. Шығын көлемі 3 млн теңгені құрады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 шілдеде Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 84 жастағы жергілікті тұрғыннан 23 шілдеде белгісіз адам алдап, 1 млн теңгесін иемденіп алғаны туралы арыз келіп түсті.

Сол күні 86 жастағы әжеден дәл осындай хабарлама келіп түсті. Ол да 23 шілдеде белгісіз адамға алданып, 2 млн теңгесінен айырылып қалған.

Жәбірленушілердің телефонына бір дауыспен белгісіз адам қоңырау шалып, немересі апатқа ұшырағанын және сол апатқа кінәлі екенін айтып сендірген. “Мәселені” шешу үшін оларға ақы төлеу керек болған. Ақшаны алып кетуге қасқүнемдер адам жіберген және жәбірленушілер ол адаммен байланысқа түспей, үнсіз ақшаны беріп жіберген. Алайда ақша берілгеннен кейін зардап шеккендер немерелері ешқандай жол апатына түспегінін, оларда бәрі жақсы екенін білген. Содан кейін олар дереу полицияға хабарлаған.

Осы екі фактіге қатысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлермен 17 жастағы астаналық анықталып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

– Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары! Отбасыңызға, достарыңызға және таныстарыңызға, әсіресе қарт адамдармен алаяқтыққа қатысты ақпаратпен бөлісіңіз. Егер сізге бейтаныс нөмір қоңырау шалса, үрейленбеңіз, сөйлесуді тоқтатыңыз. Күдік тудырған жағдайда бірден тікелей полицияға хабарласыңыз. Күдікті фактілермен немесе тұлғалармен бетпе-бет келіп қалған жағдайда, 102-ге қоңырау шалып, полицияға жедел хабарлау қажет, – деп атап өтті жедел уәкілдер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру