Алаяқтар көлігін зандастырмақ болған Маңғыстау тұрғынын 7,8 млн теңгеге алдап кетті
Алаяқтар көлігін зандастырмақ болған Маңғыстау тұрғынын 7,8 млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мұнайлы ауданының тұрғыны “көлік құжаттарын Грузия елінің есебінен шығарып, ҚР есебіне тіркеп, рәсімдеймін” деп уәде беріп, кейін сөзінде тұрмаған алаяқтың құрығына түсіп қалды. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 7,8 млн теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлерімен 30 жастағы Бейнеу ауданының тұрғыны анықталып, ұсталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.