Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер есірткі қойып кетушіден 37 орам марихуана тәркіледі

Қарағандылық полицейлер есірткі қойып кетушіден 37 орам марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасы, есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Лобады көшесінің бойынан 31 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ұсталған азамат әлеуметтік желідегі “жұмыс берушісінен” 30 орам марихуана есірткі заттарын алғанын мойындады. Есірткінің жартысын күдікті белгіленген жерлерге қойып кетіп үлгерген.

Ұсталғанға тексеріс жүргізу барысында одан 8 орам өсімдік тектес заттар тәркіленді. Сондай-ақ, күдіктінің көрсетуімен жасырылған жерлерден 13 орам есірткі тәркіленсе, тұрғылықты жерінен 16 орам есірткі алынды. Есірткі жасырушыдан шыққан ғасыр дертінің жалпы саны 37.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар жалпы салмағы 85 грамм кептірілген марихуана екендігі белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297 бабына (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру