Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтар Түркістан облысының тұрғындарын “көлік ұттыңыз” деп алдаған

Алаяқтар Түркістан облысының тұрғындарын “көлік ұттыңыз” деп 8 млн теңгеге алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өткен жылы болған алаяқтық қылмысын ашып, қызылордалық күдіктілерді қолға түсірді.

Нақтырақ айтсақ, полицияға арызданушы әйел 2022 жылдың шілде айында ұялы телефонына өзін компания қызметкерімін деп таныстырған белгісіз біреу, KIA K5 автокөлігін ұттыңыз деп айтып, сендіргенін жеткізді. Содан алаяқ тұрғыннан жаңа көлікті иемдену үшін ақша сұраған. Ал алаяқтың сөзіне сенген жәбірленуші оған 8 млн теңгеден астам ақша берген.

Аталған жайт Ордабасы аудандық полиция бөліміне ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.

Хабар алысымен қылмыскерлерді құрықтауда полицейлер іске кірісті. Іздестіру шараларын үздіксіз жүргізді. Нәтижесінде осы іске қатысы бар сезіктілердің жеке басы анықталды. Олар  Қызылорда облысының жұмыссыз тұрғындары болып шықты.

Анықталғандай, күдіктілер достарының банктік есепшотын иесіне білдірмей қолданған. Содан алдау жолымен алған ақшаны аталмыш есепшотқа аудартып, пайдаланған.

Қазіргі уақытта ұсталғандар қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру