Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының ҚАЖД қызметкерлері мұқтаж отбасыға көмек көрсетті

Абай облысының ҚАЖД қызметкерлері мұқтаж отбасыға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында ҚАЖ департаментіне қарасты №20 мекемесінің жедел бөлім қызметкерлері, орталық мешіт имамымен бірлесіп мұқтаж отбасыларға көмектесті.

– Жанат есімді қария, екі бөлмелі пәтерде, 2 қызы және 6 немересімен тұрады. Бұл отбасы туралы таныстарымыздан естіген сәтте-ақ, әріптестерімізбен көмек қолын созуға бірден келістік. Кішкентай бүлдіршіндердің тәтті сыйлықтарға қуанғанын көріп, бізде балаша қуанып қалдық. Жақсылық жасау арнайы бір мейрам күндерін таңдамайды, барлық мұқтаж жандарға қолыңнан келгенше көмек қолын созу бұл әрбір саналы ұрпақтың парызы деп білеміз, – деді жедел бөлім қызметкерлері.

– Бүгінгі күн осындай тосын сыймен басталды, біздің жағдайымызды біліп азық-түлік, балаларға тәтті сыйлықтар алып келген қызметкерлерге алғысым шексіз, – деп қуанышын білдірді қария.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру