Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Әлеуметтік көмек алып беремін»: шымкенттік тұрғын алаяққа алданып қалды

Алаяқ 500 мың теңге әлеуметтік көмек шығарып беремін деп, тұрғынды 75 мың теңгеге сан соқтырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда 2020 жылы өзін Р. деп таныстырған азаматша оның сеніміне кіріп, мемлекеттік бағдарлама арқылы 500 мың теңге ақша алып беремін деп алдап, алаяқтық жолмен «Kaspi» қосымшасы арқылы өзіне 75 мың теңге ақшаны салдыртып алғанын көрсеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 1 бөлігімен (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алаяқтың сөзіне сенген жәбірленуші аталған соманы беріп, алданып қалған. Орын алған оқиға Еңбекші ауданы Полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, қылмыстық іс тіркелген. Еңбекші ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды.

Күдіктінің басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда.

Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Еңбекші ауданы Полиция басқармасының тәртіп сақшылары кез-келген мемлекеттік бағдарлама бойынша құжат тапсырар алдын мамандарға баруға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру