Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы маңында жүк пойызы жылқыны қағып кетті

Алматы маңында жүк пойызы жылқыны қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасына қарасты Шамалған станциясының маңында қараусыз жайылып жүрген жылқы жүк пойызына соғылып, пойыз шұғыл түрде тоқтады.

Аталған факт Алматы 1 ст. желілік полиция басқармасының ақпараттарды тіркеу кітабына тіркеліп, Шамалған станциясы ЖПб қызметкерлері жылқының иесін анықтау бойынша жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде малдың иесі анықталып ,ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 559-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды.

Басқарма тарапынан жүргізіліп жатқан алдын алу іс-шараларының арқасында Отар – Шамалған станцияларының аралығында жылжымалы құрамның шұғыл түрде тоқтауы былтырғы жылмен салыстырғанда 52,9 пайызға (17-ден 8-ге дейін) төмендеді. Бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру