Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы ПД-да суицидтің алдын алған полицейлерді марапаттады

Алматы облысы ПД-да суицидтің алдын алған полицейлерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының ПД-да өздерінің батыл іс-әрекеттерімен ерекшеленген полицейлерді марапаттау рәсімі өтті. Облыстық полиция бастығы тәртіп сақшыларының жедел және үйлесімді іс-әрекеттері үшін жеке алғысын білдіріп, полицейлерді “Қазақстан полициясына – 30 жыл” медалімен марапаттады.

– Күн сайын облыс бойынша жүздеген полиция қызметкерлері азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін қызмет етеді. Оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғайды және олар қиын өмірлік жағдайға тап болған сәтте көмектеседі. Біздің қатарымызға келген әрбір полицей қызметіміз жанқиярлықты, батылдықты және жеделдікті талап ететінін түсінеді, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Облыстың бас полицейі сыни жағдайларда санаулы секундтар ішінде полиция қызметкерлеріне жауапты шешім қабылдауға тура келетінін, оларға кейде адамның өмірі тәуелді болатынын және сенімге тек кәсібилікпен және өз міндеттеріне жауапкершілікпен қараумен, әрбір адамның проблемаларына назар аударумен ғана қол жеткізуге болатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қыркүйекке қараған түні Қарасай аудандық ПБ ППР қызметкерлері жүкті әйелге көмек көрсетті. Полиция қызметкерлері перзентханаға барар жолда патрульдік көлікте әйел адамды босандырып алды. Екінші факті Талғарда тіркелді, онда жақында екі патрульдік полицей мен УҰИ инспекторы көпірден секірмек болған кәмелетке толмаған баланы құтқарып қалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру