Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлермен оқу-әдістемелік жиын өткізілді

Павлодарда полицейлермен оқу-әдістемелік жиын өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12-15 қыркүйек аралығында Инновациялық Еуразия университетінің базасында Павлодар қаласының полиция және Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының және желілік полиция бөлімінің Орта басшылық құрамымен оқу-әдістемелік жиындар өткізіледі.

Іс-шара “Ішкі істер органдарында идеологиялық және имидждік жұмысты ұйымдастыру” және “Полицияның бұқаралық коммуникация құралдарымен өзара іс-қимылы” тақырыптарына арналған және “полицияның сервистік моделі” жобасы аясында өтіп жатыр.

Қазақстан Республикасы ІІМ идеологиялық және имидждік жұмыс департаментінің ғылыми қызметкері, ІІО құрметті ардагері, запастағы полиция полковнигі Болат Қаженов атап өткендей, қазіргі уақытта ІІМ Ішкі істер органдары қызметкерлерінің бойында азаматтық-құқықтық дүниетанымды, патриотизмді, антқа және қызметтік парызға адалдықты қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

– Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғам полицейлерге жаңа талаптар қояды, бұл ретте басты критерий – халықтың сенімі. Бұл сабақтар қазақстандық полиция қызметкерінің жаңа бейнесін қалыптастыруға, толеранттылыққа, рухани-адамгершілік тәрбиеге арналған, – деп атап өтті Болат Қойшыбекұлы.

PR саласының маманы, журналист, қоғам қайраткері Ризабек Исабеков жиналғандарға БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы халықпен қалай дұрыс жұмыс істеу керектігін айтып, сыртқы және ішкі коммуникациялар арқылы халықпен жұмыс істеу әдістерімен таныстырды. Сонымен қатар, жиналғандарға ІІО жеке құрамын басқару және қызметтік іс-әрекеттің тиімділігін арттыру негіздері, тәрбие жұмысының нысандары мен әдістері, ұжымдағы тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері және т.б. түсіндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру