Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында орын алған ЖКО-ға кінәлі адамның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды

Алматы облысында орын алған ЖКО-ға кінәлі адамның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 желтоқсанда Шығыс бағыттағы Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 94 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. Алматы облысының полиция қызметкерлері келген бойда Toyota Land Cruiser Prado көлігінің 55 жастағы жүргізушісі Nissan Sunny автокөлігімен соқтығысқанын анықтады.

– ЖКО нәтижесінде Шелек ауылындағы ауруханаға түрлі жарақаттармен Nissan Sunny жеңіл көлігінің 50 жастағы жолаушысы жеткізілді, ол реанимацияда көз жұмды. Сонымен қатар, Алматы қаласының облыстық ауруханасына түрлі дене жарақатымен жол талғамайтын көліктің жүргізушісі де жатқызылды. Бүгінгі күні аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады Еңбекшіқазақ АІІБ бастығы Жақсылық Алтынбаев.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде кінәлі жүргізушінің видеосы пайда болды, ол көлік жүргізу кезінде бір секундқа бұрылып, жолда келе жатқан көлікпен соқтығысуға жол бергенін мойындады. Бір адамның қателігінен жол қозғалысының басқа қатысушысы қайтыс болды.

Қазіргі уақытта күдікті ауруханада жатыр, сауыққаннан кейін уақытша ұстау изоляторына қамалады. Емдеу орнына Еңбекшіқазақ АПБ полиция қызметкерлері қатарынан айдауыл қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру