Алматы облысында қоғамдық жұмыстарға 652 сотталған тартылды
Өткен жылдың ішінде Алматы облысы бойынша ҚАЖД пробация бөлімдерінде қоғамдық жұмыстарға тартылған 652 сотталған есепке алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 21 пробация қызметі жұмыс істейді. 2021 жылы қоғамдық жұмыстарға тартылған 652 сотталған есепке алынды.
Қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза түрі негізінен ауырлығы жеңіл немесе орта қылмыстар үшін қолданылады.
– Алматы облысында сотталғандардың қоғамдық жұмыстарының орындалуын бақылау қарқынды жүргізілуде. Алайда сотталғандардың арасында жұмысты орындаудан жалтарғандар да бар. Осындай тұлғалармен, пробация қызметкерлерімен қоғамдық жұмыстарды қамауға алу бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.