Алматы облысындағы түрме аумағында қазылған жерлерді жылқының көмегімен тексеру қолға алынды
Алматы облысындағы түрме аумағында қазылған жерлерді жылқының көмегімен тексеру қолға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14 мекемесінде, колония аумағында жер астындағы қазылған орындарды іздеуге жылқылар жұмылдырылған.
Сотталғандардың қашып кетуіне жол бермеу мақсатында мекеменің режим бөлімінің қызметкерлері және 3660 әскери бөлімінің қызметшілері бірлесіп жылқы пайдалана бастады. Осылайша сотталғандардың қашып кетуіне жол бермеу мүмкіндігі артылды.
Айта кетейік, жануар жер астында бос орын сезінсе, барудан бас тартады. Тексеру барысында қазылған жерлер табылған жоқ.